Алматыда мектеп ғимаратының ішіне жарылғыш зат қойылғаны жөнінде хабар келіп түсті

Баспасөз мәслихатының ақпараты бойынша, 17 қаңтарда "02" пультына №42 мектептің ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны жөнінде жасырын ақпарат келіп түсті. Хабар тез арада мектепке жеткізіліп, 670 адам ғимараттан шығарылды.

"Арнайы шараларды ұйымдастыру кезінде жарылғыш зат табылған жоқ", - деді баспасөз қызметіндегілер.