Алматыда мектеп оқушыларының жаппай дизентерия жұқтыруының себебі анықталды

Санитарлық дәрігерлер Алматыдағы дарынды балаларға арналған №173 физика-математикалық гимназия оқушыларының жаппай дизентерия жұқтыру себебін анықтады.


           «50 оқушының дизентерия жұқтыруына асхана қызметкері себепші болған, оның ағзасынан дизентерия қоздырғышы табылды. Бірақ сырқаттың еш белгісі болмаған», - деп сәрсенбідегі баспасөз мәслихатында Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті басшысы Айжан Есмағамбетова мәлім етті.
           Мектеп басшылығы мен балаларды тамақтандыратын ұйым жетекшілеріне қатысты материалдар прокуратураға тапсырылды. Прокурорлар оларға әкімшілік айыппұл салды, делінген хабарламада.