Алматыда «Мектеп портфелі» акциясы жалғасуда

Осымен бесінші жыл өткізіліп жатқан шара негізінен саңырау балаларды керек-жарақпен қамтамасыз етуге бағытталған. Сыйлыққа тарту етілген сөмкелердің ішінде күнделік пен дәптер, қалам мен қарындаш және түрлі кеңсе тауарлары салынған. Балабақшаға баратын бүлдіршіндер мен мектеп жасындағы 50-ге тарта жеткіншектің ата-аналары үшін бұл үлкен көмек болып отыр. Себебі олардың ұл-қыздарына сапалы мектеп құралдарын алып беретін мүмкіндіктері жоқ.

Айнаш Ахмет:

- Семьяларға өте ауырлау, ал бұндайды беріп жатқандықтан бізге көп жеңілдік. Көп ата-аналар, көріп тұрсаңыз құлағы естімейтін жастар, біреуінің жұмысы бар, біреуінікі жоқ. Бұл біз үшін үлкен көмек. Рахмет!

 

 

Loading...