Алматыда мектепте болған өрт салдарынан үш жүз адам сыртқа шығарылды

Алматыда Ғ.Мүсірепов атындағы N86 мектеп-гимназияда өрт шықты, деп бүгін Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.


           Өрт сейсенбі күні сағат 17:17-де екі қабатты ғимараттың екінші қабатында физика кабинетінің зертханасында шыққан.
           2 шаршы метрге жайылған өрт өрт сөндірушілер келгенге дейін сөндірілді.
           Өрт салдарынан 300 адам сыртқы шығарылды, оның 280-і балалар.