Алматыда мектептің аумағында сынап құйылған ыдыс табылды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сынап құйылған контейнер №135 мектептің артқы ауласынан табылған. "Кофе салуға арналған 0,5 литрлік әйнек ыдыста 30 мл көлеміндегі сынап пен тиындар болған", - деп хабарлайды мекеме.

Құтқару ықзметінің мәліметінше, сынап құйылған контейнер полиэтилен дорбаларға салынып, жою үшін алынды. "Сынап буының концентрациясы шектеулі шамадан аспайды, халыққа қауіп төніп тұрған жоқ", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті