Алматыда «Мен таулықпын...» деп аталатын поэзия кеші өтіп жатыр

«Бұл шара артына өлмес өрнектерін, ел көңілінде, жұрттың жүрегінде жатталып қалған айшықты өлеңдерін, мөлдір поэзиясын қалдырған қазақ халқының ақиық ақынын ұлықтауға арналып отыр. Оған университет оқытушылары мен профессорлары, студенттері және Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, мұқағалитанушы Шаяхмет Имашұлы пен осы жоғары оқу орнының доценті, публицист Құдиярбек Ағыбаев қатысуда», - дейді университеттің баспа орталығының бас маманы Әлия Асмағұлова.

Оның айтуынша, поэзия кешінде естеліктер айтылып, Мұқағали шығармашылығы ғана сөз болып қалмай, студент ақындар да өз өлеңдерін оқуда.