Алматыда "Мерседес" автокөлігі жарылды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ

Төтенше оқиға Жетісу ауданында Қожамқұлов көшесінің бойындағы көп пәтерлі үйлердің бірінің ауласында болған. "Мерседес" автокөлігінің жүксалғышындағы белгісіз зат жарылған. Жарылыс салдарынан үйдің бірінші қабатындағы пәтердің әйнектері сынды.
Қазір жарылыс себептері анықталуда.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті