Алматыда электр энергиясының оқтын-оқтын үзілуіне байланысты метро жұмысын уақытша тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Метрополитен» МКК хабарлағандай, қаладағы электр қуаты мәселесі реттелген соң ғана жолаушылар пойыздарға кіреді. «Вагондарда қазір ешкім жоқ. Оқыс жағдай болмас үшін метрода жолаушыларды тасымалдау тоқтатылды. Метро тек электр энергиясы іске қосылған соң ғана толық істейді», - деді «Метрополитен» МКК баспасөз қызметінен. Айта кету керек, бүгін сағат 14:14-де «Алматыэнергосбыт» АҚ ЖЭС-2 стансасында ақау шықты. Соның кесірінен қаланың көп бөлігі электр қуатынсыз қалды. Қала әкімдігі барлық аудандар кешкі сағат 17:00-де электр энергиясына толық қосылатын болады деп сендірді.