Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдар халыққа қызмет көрсету мамандарын үйге шақыра алады


1414 электронды үкімет порталының бірыңғай байланыс орталығына телефон соғып, мемлекеттік қызметке мұқтаж мүмкіндігі шектеулі адамдар халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚО) мамандарын үйге шақыра алады.
Бірыңғай байланыс орталығына келіп түскен әр қоңырау тіркеліп, жазылады. Сосын тіркелген орны бойынша ХҚО-ға қайта жіберіледі. Бірыңғай байланыс орталығы күнделікті тәулік бойы жұмыс істейді.