Форум аясында еліміздің мұнай-газ саласы мен отын энергетикасы ресурстарын дамытудың жаңа мәселелері талқыланды. Мұнда болашақ геологтар мен мұнайшылар пікір алмасып, шикізат өңдеу, бұрғылау жұмыстары мен «қара алтынды» заманға сай сақтау және экспорттау жолдарын ғылыми негізде қарастырды. Екі күнге созылатын басқосуда ірі компаниялардан келген мамандар шеберлік сабақтары мен интеллектуалдық ойындар өткізеді.
Дархан Құралханов, «Siemens» компаниясының менеджері:
–Мұнайшылар үшін бұл зор мүмкіндік. Студенттер индустриядағы көшбасшылармен кездесіп, өзекті мәселелерге қатысты сұрақтарға жауап алады. Қазақстанда мұнай-газ саласында қолданылып жатқан жаңа технологиялармен танысып, білікті мамандармен тәжірибе алмасады.
Loading...