Алматыда Мұстафа Өзтүрікті еске алу құрметіне орай таэквондодан халықаралық сайыс өтеді

Халықаралық жарысқа Испания, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстандық спорт майталмандары қатысады.

Жарыс 10 салмақ категориясы бойынша өтеді. Әрбір салмақ көрсеткіштері бойынша медальдар кешені үшін сайыс өткізіліп, қатысушыларға ескерткіш сыйлықтар табыс етіледі.
Сайыстың ашылуы 15-қараша күні 15 сағатта "Достық" спорт кешенінде болады.