Қазақстанда тұңғыш рет өтіп жатқан шара екі күнге созылады. Онда Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Дағыстан, Шешен Республикасы сынды елдердегі мұсылман әйелдер киімін тігетін 45 сән салоны мен шеберханалар өз өнімдерін ұсынған.
«SISTERS BAZAAR» - бұл тек мұсылман киімін киетін қыз-келіншектердің жәрмеңкесі емес, бұл сән, қарапайым, ұзын етек көйлек кигісі келетін қыз-келіншектерге арналған соңғы үлгідегі киім үлгілері. Шараның мақсаты мұсылман сән индустриясының тұтынышылар қатарын арттыру. Жәрмеңкенің ең маңызды бөлігі ретінде еліміз бен жақын шетелдегі сән салондары мен шеберханалардың күздік топтамалары ұсынылатынын айтуға болады», - дейді шара ұйымдастырушысы Айгүл Зайнуллина.
Айта кетейік, аталған халықаралық жәрмеңкеге Ресейде брендке айналған Aset тігінханасы, Дағыстандағы Чубарук және Мәскеуді бағындырған HL Arapkhanovi сынды танымал бренд-компаниялар киім үлгілерін ұсынып отыр.
Келушілер назарына киім мен аксессуарлардан бөлек, табиғи өнімнен жасалған косметикалар да ұсынылды.