Алматыда мыңдаған полицей мінсіз қызметі үшін марапатталды (ФОТО)

«Бүгінде қаланың қауіпсіздігін 6 мыңға жуық қызметкер күзетіп жүр. Біз олардың ерен еңбегімен мақтанамыз. Мен қазір осы залда отырғандарды да, постыларда қызметін өтеп тұрған полицейлерді де құттықтағым келеді. Біздің департаменттің тарихы да тереңде жатыр. Алматы гарнизонының жеке бөлініп шыққанынан 55 жыл өтті, сол гарнизонның 20-дан аса қызметкері генерал шенін алды», - деді ІІД басшысы Серік Күдебаев.

Жарты ғасыр ішінде Алматы бөлімшесінен 3 ішкі істер министрі, 14 вице-министр, 17 облыстық және қалалық департамент басшылары шықты.


ІІД басшысы құқық қорғау өкілдерін құттықтай отырып, ҚР ІІМ бұйрығына сәйкес мыңдаған полицейді марапаттады.