Алматыда "Наркощит" жедел-профилактикалық шаралар жүргізілген бір аптада 26 кг астам есірткі тәркіленген

"Іс-шара жүргізілген күндерде 32 есірткі қылмысы анықталып, 27 адам есірткі сату үстінде ұсталды, 44 адам есірткіден емдеу орталығына есепке тұрғызылды",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Баспасөз қызметіндегілер, есірткі қылмыстарына байланысты тұлғаларды анықтау және ұстау мақсатындағы жедел-іздестіру шаралары барысында Ресей Федерациясының азаматы ұсталғандығын, оның өте ірі көлемдегі есірткі сақтағаны және сатқаны үшін іздеуде жүргендігін атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті