"Айдағы орташа температура 2 градус жылылықты көрсетеді деп күтілуде", -деп хабарлайды ауа райын болжау орталығының директоры Светлана Аманқұлова.
Синоптиктердің болжаулары бойынша, Алматыда наурыз айының бірінші он күндігінде ауа температурасы түнде 7 - 12 аяздан 0 - 5 грудус жылылыққа дейін көтерілсе, күндіз 0 - 5 тен 5 - 10 жылы болады. Он күндіктің соңында ауа температурасы сәл төмендейді.
Ал екінші он күндікте ауа температурасы түнде 5 - 10 грудус аяз болып, күндіз 0 - 5 жылылықты көрсетеді. Кейін түнде 3 грудус суық - 2 грудус жылылыққа ауысып, күндіз 10 - 15 жылы болады.
Үшінші декадада ауа температурасы көтеріледі деп топшылануда. Түнде 0-5 грудус жылы болса, күндіз 15-20 грудус жылылыққа дейін барады.
Ауа райын болжаушылардың айтуынша "наурыз айында жауатын жаңбыр нормадан төмен болады (норма - 65 мм)".
Жаңбыр бірінші он күндіктің басы мен аяғында, екінші декаданың бірінші жартысында және үшінші он күндікте жиі жауатын болады. Тұман бірінші он күндікте және айдың аяғында болады деп болжануда.