Caravan Logo

Алматыда Наурызбай ауданында белгісіз ер адамның мүрдесі табылды

Алматыда Наурызбай ауданында белгісіз ер адамның мүрдесі табылды


Жергілікті тұрғындар қараусыз қалған ғимараттардың бірінен белгісіз ер адамның мүрдесін тауып, полицияға хабарласқан.

Құқық қорғау органдарының өкілдерінің айтуынша, қайтыс болған ер адамның денесінен зорлықпен өлтіру белгілері табылмады. 
Сондай-ақ оның жеке басын растайтын құжаттары да жоқ болып шықты. 
Қазір өлімнің неден болғанын анықтау үшін мүрде медициналық тексеруге жіберілді.