Алматыда «Назарбаев моделі» — ХХІ ғасырдың талаптарына стратегиялық жауап» жас ғалымдардың онлайн-форумы қорытындыланды.

Форумның тең ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Сорбонна-Қазақстан институты, Абай атындағы ҚазҰПУ, Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының (GIZ) Қазақстан мен Өзбекстандағы өкілдігі, ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы офисі, «Атамекен» ҚР ҰКП және бірқатар қазақстандық жоғары оқу орындары.

Қашықтан өткізу форматында ұйымдастырылған форумға 7 000 астам жас ғалымдар қатысты, 16 елдің - Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Венгрия, Германия, Канада, Малайзия, Ресей, Сингапур, АҚШ, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Оңтүстік Корея және Жапониядан 120 ғалым баяндама жасады.

Пленарлық отырыспен ашылған іс-шарада Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының басшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері форумға қатысушылардың атына құттықтау сөз сөйледі.

Форумның мақсаты – Елбасының егемен мемлекеттің қалыптасуына қосқан үлесін ұғыну және сәтті жұмыс істеп келе жатқан «Назарбаев моделінің» негізінде жас ғалымдардың мемлекеттік органдардың өкілдері үшін пандемиядан кейінгі кезеңде неғұрлым құнды ұсынымдар әзірлеу екенін атап өткен жөн.

-2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 70-сессиясында сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл әлемде орын алуы мүмкін сын-қатерлерді атап өтті. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің айтуынша, бұл проблемаларға жауап ретінде Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы жоспарды қолдануға болады. Уақыт көрсетіп отырғандай, Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл ұсынысы бүгінде үлкен сұранысқа ие - әлемнің үздік ғалымдары қалыптасқан жағдайдан шығудың жолдарын іздеуде, - деп атап өтті ғылыми слёт барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Атқарушы Директорының Орынбасары, Қазақстан Республикасынан Еуропа Кеңесінің Венециялық Комиссиясының мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Игорь Рогов.

Іс-шара шеңберінде «Covid-19: құқықтық мәселелер», «Инновациялар және кәсіпкерлік: covid-19 шынайылығындағы өзгерістер моделі», «XXI ғасырдың Агроөнеркәсіптік кешені: ғылым және инновациялар», «COVID-19 жұқтырған пациенттерді басқару мәселелері: диагностикалық, клиникалық және басқа да аспектілер», «Қазіргі заманның күтпеген сын-қатерлері: қоғам мен денсаулық сақтау жүйесінің пандемияға байланысты өзгерістерге салдары мен реакциясы», «ХХІ ғасырдағы Қазақстан Еуразиялық кеңістікте» тақырыптарында алты ғылыми секция табысты өтті.

Бұдан басқа, ТМД елдерінің жас ғалымдар кеңесі төрағаларының қатысуымен «Пандемия кезеңіндегі цифрландыру: жаңа сын-қатерлер мен үрдістер» және «Жаңа жағдайдағы ғылыми ынтымақтастықтың перспективалары» атты ғылыми отырыстар өтті.

Форумға қатысушылар іс-шараға дайындықтың және Нұрсұлтан Назарбаев Қорының ғалымдарды қолдау саласында жүргізіп жатқан жұмысының жоғары деңгейін, ең дарындыларды көтермелеп және олар үшін осындай беделді алаңдар құрғанын атап өтті.


- Біздің елдер бетпе-бет кездескен заманауи сын-қатерлер ғылымды дамытпайынша, жастардың қолдауынсыз, проблемаларға табысты қарсы тұру туралы айту мүмкін еместігін көрсетеді. Сонымен бірге, ұлттық ғылыми мектептерді дамыту мемлекеттерді одан әрі дамыту үшін, әсіресе пандемиядан кейінгі кезеңде аса маңызды басымдық болып табылады. Ғылым ерекше назар аударуды қажет етеді, ал жас ғалымдарды қолдау, әрине, таланттарды анықтауды, оларды қолдау жүйесін дамытуды және ең бастысы олардың идеяларын жүзеге асыруды талап етеді. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жастар ғылымы мен ғылымының жалпы дамуы мүмкін екенін дәлелдеді және тиімді жұмыс істейтін құралдардың арқасында бүгінде көріп отырған жемісті жұмыстың үлгісі болып табылады, - деді Беларусь Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, Минск қаласынан Жетінші шақырылған Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Республика кеңесінің мүшесі, химия ғылымдарының докторы Андрей Иванец.

Форум Қарар қабылдаумен аяқталды, онда пікірталас және ғылыми секцияларға қатысушылар жас ғалымдарды қолдауға және Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ғылымын дамытуға бағытталған ұсынымдар пакетін ұсынды.

- Нұрсұлтан Назарбаев 2009 жылы атап өткендей: «Интеграцияның ең жетілген саяси және экономикалық инфрақұрылымы, егер ол белсенді тұлғалардың энергиясымен нығайтылмаса, іс-әрекетке қабілетсіз болып қалады. Ол мемлекеттерді мыңдаған күшті жіптермен байланыстырады. Бұл энергияны сақтау және дамыту-біздің басты міндетіміз». Талантты ғылыми жастарды зерттеу жұмыстарына ынталандыруда форумның ерекше рөлін атап өту қажет. Жас ғалымдардың бірігуі, олардың ғылыми салаға бірігуі ұлттық басымдықтарда, адамгершілік құндылықтарда және ұрпақтар сабақтастығында тәрбиеленген жоғары білікті мамандарды даярлаудың негізі болып табылады, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі Кеңестің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD докторы Ермек Тоқтаров.

Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Дьердя Сабоның мәлімдеуінше, бұл форумда ең бастысы – жас ғалымдардың өз ойларын ортаға салуы үшін және бұл пайымдардың ел дамуының моделін реформалау кезінде ескерілуі үшін платформаны ұсыну.

Форум қорытындысы бойынша электронды форматта ғылыми баяндамалар жинағы жарияланады.