Оның айтуынша, оқиға өткен жұма күні Әуезов пен Қабанбай көшелерінің қиылысында орын алған.
Облыстық мемлекеттік нөмірі бар Нексия көлігі жаяу жүргін жолынан өтіп бара жатып, жүгіріп шыққан баланы қағып кетті.
Бейнероликте баланың орнынан тұра сала қаша жөнелгені түсіп қалған.
Оқиға орнында сәл бөгелген жүргізуші сыртқа шықпастан әрі адамдардың айтқанын тыңдамастан тайып тұрды.
Қалалық ІІД болған болған жайтқа қатысты әлі түсініктеме бермеді.