Фестивальді Қазақстан Гёте институты биылғы Қазақстандағы Германия жылына орай өткізіп отыр. Шараға Оберхаузен қаласында өткен қысқаметражды фильмдер фестивалі мен «Цезарь» кинотеатры және Олег Борецкий киноклубы әріптестік танытуда.
Ұйымдастырушылар негізгі басымдықты Фатих Акин фильмдеріне жасаған. Кеше басталған фестиваль оның «Soul Kitchen» («Душевная кухня») фильмімен ашылды. Ал жабылуы 26 қараша күні «Қысқаметражды фильмдер түні» қысқаметражды фильмімен аяқталады деп күтілуде.
Сонымен бірге, фестивальде музыка тақырыбындағы 2 деректі фильм көрсету жоспарланған. Кинофестивальге танымал әртіс Мехмет Куртулус пен Оберхаузен қаласында өткен қысқаметражды фильмдер фестивалі комиссиясының мүшесі Херберт Шварце қонақ ретінде шақырылған.
«Қазақстандағы Германия жылы 2010» Германия Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Гёте институтымен бірлесе өткізуде. Оған METRO Cash&Carry, BMW, Gazprom Germania және Siemens компаниялары демеушілік жасап отыр.