Алматыда нөсер салдарынан автожол торабының туннелі су астында қалды

“Судың биіктігі екі метрден асқан, екі автокөлік туннельдің астында өшіп қалған, жүргізушілері судан жүзіп шыққан”,- деді М.Жұматаев. Оның айтуынша, дренаждық насостардың ақауы оқиғаға себеп болған. “Дренаждық насостар суды арық жүйесіне айдауға тиіс”,- дейді құтқарушы. Алайда қазір суды туннельден өрт сөндіргіш машиналар сорғызып алуда. “Бұл жол торабын су басып қалған үшінші оқиға”,- деді М.Жұматаев.

Сонымен бірге оның айтуынша, Алматыда нөсер салдарынан 47 үй мен бір базардың аумағы су астында қалып, бір жерде жол қаптамасы істен шықты. Атап айтсақ, М.Жұматаевтың айтуынша, Медеу ауданында Казачка өзенінің жағалауын бойлай 11 үй су астында қалды. “Думан” ықшам ауданында, сондай-ақ, Құлжа тас жолын бойлай 6 үй мен бір базар су ішінде қалды. Алмалы ауданында Роза Люксембург және Софья Ковалевская көшелерінің қиылысында тас жол істен шықты. Әуезов ауданында 5 үй судың ішінде қалды. Бостандық ауданында көп пәтерлі үйлердің жертөлелері суға толды. Жетісу ауданында 17 үй су ішінде қалды, деді М.Жұматаев.