Алматыда нысананы көздеуден Әлем кубогының кезеңі өтеді


Агенттік мәліметіне сәйкес, халықаралық турнир Александр Асанов атындағы мергендер клубында өтеді. Оған 30-дан астам елден қатысушылар келеді.

Бұл жарыстар қазақстандық нысана көздеуді дамытуға жаңаша серпіліс береді, сондай-ақ халықаралық спорттық қауымдастыққа республиканың заманауи әлемдік станндартқа сәйкес ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерін көрсетеді.