«Құлмамбеттің құлыны» атты халықаралық айтыс мәреге жетті.
Студенттер сарайында өткен додада бас жүлдені жас ақын Болатбек Оразбаев жеңіп алып, оған Алматы облысының әкімдігі тағайындаған 1 млн. теңге және О.Досбосынов атындағы кубок берілді. Бірінші орынды еншілеген Ринат Заитовқа О.Досбосыновтың туыстары атынан автокөлік сыйға тартылды. Сондай-ақ финалда Р.Заитовпен айтысқан батысқазақстандық Бауыржан Халиолла мен Айбек Қалиев - екінші, Бақыт Жағыпар мен Шәкен Рахметолла үшінші орынды иеленді. Мейірбек Сұлтанхан мен Еркебұлан Қайназарға домбыра тарту етілді. Финалға шықпаған ақындардың барлығына 100 мың теңге ақшалай сыйлық берілді.