Бал Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған. Ал вальс биіне күш құрылымдарының әр саласынан әр түрлі диаспора өкілдері таңдап алынған. Олардың арасында қазақ, орыс, кәріс, украин, неміс және басқалары бар. Ал жұп құраған биші қыздар солардың ұлттың киімін киіп шыққан. Осындай шара арқылы, әскердегі барлық диаспора өкілдері отанымыздың беріктігі мен тыныштығын бірге күзететінін бейнелі түрде көрсетті. Ұйымдастырушылар балды енді жыл сайын дәстүрге айналдырғалы отыр.
Loading...