Алматыда ойын-сауық кешені өртенді

ТЖМ хабарлауынша, жексенбі күні кешкі сағат алты жарымда мейрамхана, дәмхана, бильярд пен сауна орналасқан ғимараттың шатыры өртенген. Көп ұзамай жалын көрші үйдің шатырын шарпыпты. Жалпы 650 шаршы метр аумақты шарпыған өрт түнгі сағат үш жарымда ауыздықталды.

Адам шығыны жоқ.