«Туған қалам - Алматым», «Арғымаққа мінген ақын», «Тауларды аласартпай - даланы биіктетейік», «Елін әлемге танытқан азамат», «Жер ананы аялатқан», «Қаламгер - халық перзенті» атты бөлімдерден тұратын көрмеге ақынның 200-ден астам қазақ, орыс және шет тілдерде жарық көрген кітаптары қойылған. Сондай-ақ көрмеге Ұлттық кітапхана қорындағы кітаптардың ішінде 1975 жылы басылып шыққан «АЗ и Я» кітабы, «Атамекен», «Қыш кітабы», «Арғымақтар», 7 томдық шығармалар жинағы, таңдамалы туындылары мен тағы басқа кітаптары қойылған.
Көрме барысында «Олжас кітапханасы» баспа үйі басып шығарған «АЗ и Я», «Глиняная книга», «Литература это жизнь», «Беседы с Олжасом», «И в каждом слове улыбался бог», «Но людям я не лгал...», «Феномен Олжаса» кітаптарының тұсауы кесілді.
