Алматыда он саусағынан бал тамған аспаздар сайысы басталды


Төрт күнге созылатын бәсекеге барлығы жүзден аса аспаз қатысуда. Қазан-ошағын өздерімен бірге ала келген олар, бұрын-соңды ешкім татып көрмеген 3 түрлі ас әзірлеуі тиіс. Қызу шайқасқа жасы 18-ге де толмаған аспаздар да түсіп жатыр. Үздік шыққандары «еліміздің бас аспазы» атағымен қоса, қомақты сыйлықты да қанжығалайды.