Таңғы 6-лар шамасында тұтанған өрт 700 шаршы метр аумаққа таралып үлгерген. Оқыс оқиға салдарынан миллиондардың тауары мен төрт бірдей арнайы техника күлге айналды. Сондай-ақ, қойма маңындағы үйге зақым келген. Абырой болғанда, адамдар зардап шеккен жоқ. Жалын шарпымаған заттардың өзі де пайдалануға мүлдем жарамсыз боп қалды. Өрттің шығу себептері әзірге белгісіз.