Алматыда «Оңай» картасы қымбаттады

Әдетте 425 теңге тұратын «Оңай» транспорттық картасын алматылықтар мен қала қонақтары 500 теңгеге сатып ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы көлік холдингінің мәлімдеуінше, картаның өз бағасы 425 теңгеден әлдеқайда қымбат. 

«Біз алғашында бүкіл халықты көлік картасымен қамтамасыз етуге тырыстық. Бүгінде 12 млн 11 мың карта сатылған. Қала тұрғындарының тек 40 пайызы ғана қоғамдық көлікпен жүреді»,-деді «Алматы қаласы көлік холдингі» ЖШС директоры Садир Хамраев. 

Жол ақысын төлеудің тағы бір жолы - «Оңай» брелогы  еді. Ол енді 2000 теңге тұрады (бұрын 1000 теңге болған), дизайнерлік түрі 700 теңгеге сатылады. Бірақ бұлардың ішіне 1 реттік жол жүру құны болмайды.