Алматыда Оңтүстік Кореяның азаматын ауыр жарақаттаған ер адам іздестірілуде

Ақпаратқа сәйкес, оқиға 24 мамыр күні таңғы сағат 5-те Сәтпаев көшесіндегі «CNN» түнгі клубының қасында болған.

«Ер адам 49 жастағы шетелдікті травматикалық тапаншадан жарақаттап, қашып кеткен. Оңтүстіккореялық азамат орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіліп, сонда көз жұмды», – деп хабарлайды дереккөздер.

Олардың айтуынша, полиция күдіктінің кім екенін анықтаған, нақтыланбаған мәліметтерге сәйкес, бұл Жамбыл облысының 23 жастағы тумасы.

Шетелдікке жасалған қарулы шабуыл оны тонау мақсатында жасалды ма, әлде бұзақылық болды ма, мұны құқық қорғау органдарының өкілдері айта алмады.