Алматыда онкологтар ісіктен құтылудың жолын айтты

Еліміздегі онкологиялық аурудан көз жұмғандардың басым бөлігін осы өкпе рагына шалдыққандар құрайды екен. Тек 2013 жылы 3700 науқастың 3 мыңы дертіне ем таппай қайтыс болған. Бұның басты себебі – науқастардың 70 пайызы ауруын асқындырып алады. Ал қаралы статистиканы тек дер кезінде қойылған диагноз өзгертуі мүмкін. Сондықтан бүгін еліміздің білікті дәрігерлері мен Франция, Италия, Түркия, Израиль мен Ресейден келген онкологтар ой бөлісіп, кеңестерін айтты.

Нұрлан Балтаев, Алматы онкология орталығы директорының орынбасары:

Емнің нәтижелілігі өте төмен. Себебі арнайы тіркеуге алынған аурулардың 70 пайызы 3-4 сатыдағы ауруларға жатады. Соған сәйкес емдеудің нәтижесі де нашар болады. 5 жылда емделгендердің 10 пайызы ғана өтеді. Өйткені бұл өте өзекті мәселе.

Loading...