Алматыда оқу орындарының бірінде граната жарылып, 1 қыз қаза болды

Бұл туралы оқиғаға куә болған азаматтар хабарлады.

Олардың айтуынша, оқиға Райымбек пен Полежаев көшелерінің қиылысында орналасқан Сән және дизайн колледжінде болған.

Жарылыс таңғы сағат 09:00-да ғимараттың екінші қабатында бастапқы әскери дайындық сабағында орын алды.

Бейресми ақпараттарға сенсек, қазір 11 адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың 8-іне шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Бір қыз оқиға орнында қаза болды.

Әзірге қалалық ІІД аталған дерек туралы түсініктеме бермей отыр. Жедел әрекет ету қызметі оқиға орнын қоршауға алды.