Алматыда оқушы қыз көпірден құлап мерт болды


Қайғылы оқиға Алматыда тоғыздар шамасында болған. Қыз бала Райымбек даңғылынан төмен орналасқан Сейфуллин даңғылындағы көпірден құлаған.
Әзірге қаза болған қыздың жеке бас мәліметтері беймәлім, оның мектеп оқушысы екені ғана белгілі.
ІІД-де әзірге бұл жағдайға байланысты түсініктеме берілген жоқ, қыздың не себепті мұндай әрекетке барғаны анықталуда.