Алматыда оқушылар қорғануды үйренді

Осы орайда бүгін жас инспекторлардың кезекті слеті өтуде. Мұнда Алматы оқушыларының дені жиналыпты. Жеткіншектерге жедел жәрдем қызметінің мамандары мен жол сақшылары дәріс берді. Жолдан қалай өту керектігін, велосипедке отырған жағдайда жолдың қай бөлігімен жүру керек деген сынды ережелер түсіндірілді. Бұл балаларды алда Қостанай қаласында өтетін жас инспекторлардың халықаралық слеті күтіп тұр.

Жандос Мұратәлиев, Алматы қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:

- Балалар  жолға шыққан кезде назар аудармай қалады. Көлік бар ма жоқ па. Бір-бірімен ойнап жүргендері, велосипед теуіп жүргендері жолға шығып кетеді.Сондайды болдырмау үшін, осындай іс-шара ұйымдастырып жатырмыз.

Loading...