Алматыда оқыс оқиғалардың салдарынан екі адам қаза тапты

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 желтоқсанда 09 сағат 25 минутта үйдің ыстық су қамтамасыздығы жүйесінің элеваторлық торабын жөндеу барысында 59 жастағы слесарь-теплотехник суға құлап, күйік салдарынан қаза тапты.

Сонымен бірге, оқыс оқиға қаладағы тағы бір құрылыс нысанында болды. "Құрылыс жұмыстары кезінде 4- қабаттан құлап, 27 жастағы жұмысшы оқиға орнында қаза тапты", - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.