Алматыда оркестрлер шеруі өтеді

«Музыкалық шеруге қазақ академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі, мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі, ҚР мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі мен басқа да ұжымдар қатысады», - делінген сейсенбі күні таратылған ақпаратта.

Сондай-ақ, Бибігүл Төлегенова; Балжан Асатур (Армения); Денис Макаров (Ресей) сынды өнер шеберлері ән айтады.

Фестиваль Ғылымдар академиясының алдындағы Ш. Уәлиханов ат. алаңда өтеді.