Алматыда өрт салдарынан 11 адам зардап шекті

ТЖМ мәліметінше, 31 қаңтарда 12 сағат 41 минутта бес отбасы тұратын жай үйде өрт шықты. Өрт салдарынан 11 адам, соның ішінде екі бала зардап шекті.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 10 адам ауруханаға жатқызылды, біреуі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханаға жатудан бас тартты.

Өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 7 арнаулы техникасы мен 23 адамының көмегімен 14 сағат 50 минутта сөндірілді.

Бұған қоса, 31 қаңтарда 9 сағат 50 минутта сегіз пәтерлі, бір қабатты ағаш үйде өрт шығу салдарынан екі пәтер мен үйдің шатыры түгел өртеніп кетті. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 8 арнаулы техникасы мен 31 адамының күшімен 12 сағат 25 минутта сөндірілді.