Алматыда өрт салдарынан бір адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға түсті

Министрлік мәліметіне сәйкес, Бәрібаев көшесіндегі бір жай үйде шыққан өрт көршілес Өзбекстан елшілігінің қосалқы ғимаратына қарай ден қойған. Жалын 500 шаршы метр аумақты шарпыды.

Өртті сөндіру жұмысына ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі өрт сөндіру қызметінің 20 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды. Өртті сөндірген кезде үй ішінен 73 жастағы кейуананың мәйіті табылды. Тағы үш тұрғын күйік және көмірқышқыл газынан улану салдарынан ауруханаға жатқызылды.