Алматыда өрт салдарынан екі адам ауруханаға жатқызылды

ТЖМ мәліметінше, бүгін 00.30-да 4 қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Соның салдарынан біреуі көмірқышқыл газынан уланған, екіншісі күйікке шалдыққан екі әйел ауруханаға жатқызылды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 3 техникасы мен 10 адамының күшімен сөндірілді.