Алматыда өрт салдарынан екі адам қаза тапты

Өрт қаланың Медеу ауданында 25-тамызда 13 сағат 45 минутта шыққан. 30 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірген кезде екі адамның мәйіті табылды.

ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің күшімен тілсіз жау 15 сағат 52 минутта ауыздықталды.