Саммит аясында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан президенті Асқар Ақаев , Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов, Тәжікстан Елбасы Эмомали Рахмоновтар өзекті халықаралық саясат тақырыбында өзара пікір алмасып, ұйым іс-қызметінің қорытындысын талқылайды.
Сондай-ақ, мемлекет басшылары ұйым регламентіне сәйкес Орта Азиялық ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәселесін қарайды деп күтілуде.
Осы орайда естеріңізге сала кетсек, Орта Азиялық ынтымақтастық ұйымын құру туралы келісімге төрт мемлекет басшысы 2002-жылдың 28-ақпанында қол қойған болатын.