Алматыда Орталық Азиялық би фестивалі өтеді

Ұйымдастыру комитетінің ақпарына қарағанда, «5-ші Ортаазиялық қазіргі заманғы би фестивалі 29-30 сәуірде Алматы хореография училищесінде өтеді».

Екі күн ішінде сахнаға шығарылатын 15 жаңа қойылымның ішінде қазақстандық өнерпаздардың билері де бар. Сонымен қатар, шара барысында американдық «City Dance» бишілер тобы да өнер көрсетеді, деп атап көрсетілген хабарламада.
Жоба Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен өткізіліп отыр.