Алматыда орталықтағы Мирзоян және Қалқамандағы Әуезов көшелерінің аты өзгерді

Сәл бұрынырақ оңтүстік астанада бірқатар көше атауының өзгергені туралы хабарлағанбыз. Енді "Алматы ақшамы" газетінде жарияланған сол атаулардың тізімін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Алматы қаласы Алатау ауда­ны бойынша:

«Көкқайнар» ықшамауда­нындағы Абай көшесі – Әзірбайжан Мәмбетов көшесі;

«Әйгерім-1,2» ықшамауданындағы Ленин көшесі – Василий Бенберин көшесі;

Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша:

Левон Мирзоян көшесі – Шапық Шөкин көшесі;

Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша:

8-линия көшесі – Ербол Сыпа­таев көшесі;

Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша:

«Көктөбе» шағынауданын­дағы Жамбыл Жабаев көшесі – Роза Бағланова көшесі;

Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша:

«Қалқаман-2» шағынауда­нындағы Мұхтар Әуезов көшесі – Бәйкен Әшімов көшесі болып қайта аталатын болды.