Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.
Себебі балалардың барлық киімдеріне ыс сіңіп қалған. Бұл жайлы аталған мекеменің тәрбиешісі Әсел Жуаспаева WhatsApp желісі арқылы мәлім етті.
Шұғыл түрде, ертең 9 жастан бастап қыздар мен ер балаларға 46-48 өлшемдегі таза киімдер қажет. Киімдерді бірден Сырғаубаев көшесі, 22-үйде орналасқан балалар үйіне жеткізуді өтінеміз. Жылы шұлық пен шалбардан да бас тарпаймыз, делінген желіде тараған хабарламада.
Еске сала кетсек, Алматыда
22-қараша күні Бағанашыл ықшамауданындағы балалар үйі өртенген болатын. 161 бала мен 12 қызметкер қауіпсіз жерге көшірілді. Төрт балаға медициналық көмек көрсетілген. ТЖД өкілдерінің хабарлауынша тілсіз жау 180 шаршы метрді шарпыды