Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Алматыда өртенген базарлардың иелерін өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін қатаң жазалауға уәде берді.
«Базар иелері өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген, сондықтан өртті сөндіру ұзаққа созылды. Ол жаққа машина да өте алмайды, оның үстіне су да, дым да жоқ», - деп ол бүгін журналистерге бүгін Астанада Қазақстан, Ресей, Беларусь бірлескен ғылыми-техникалық кеңес отырысы арасындағы үзілісте мәлімдеді.
Бұрын хабарланғандай, Алматыда киім сататын базарларда жұма күні күндіз өрт болып, сенбі күні таңертең ғана сөндірілді. От 5 мың шаршы метр жерге жайылған. Соның салдарынан 300-ден астам бутик өртеніп кетті.