Бұл туралы Саravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Олардың ақпаратына сәйкес, өрттің жалпы аумағы 150 шаршы метрді құрады. Өрт сөндіру нәтижесінде жас әйелдің мәйіті табылды. Адам өлімінің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Сонымен қатар, Алатау аудандық полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысы Алматы полициясы басшылығының бақылауында болады.