Алматыда өртенген дүңгіршектің ішінен адамның мәйіті табылды


Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.

Өрт туралы хабарлама кешкі 9 шамасында түскен.

Жалын тілі 6 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндірушілер дүңгіршектің ішінен бір адамның мүрдесін тапты. Əзірге оның кім екендігі, жынысы мен жасы белгісіз.