Өрт "Энергетик" бағбандар қоғамына қарасты үйде шыққан. Өрттің шығуына көмір жағатын пешті тұтыну барысында өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу түрткі болған. Өрт тұтана бастаған сәттен бастап үш сағатта өшірілді. Өрт аумағы 40 шаршы метрді құрады. Тілсіз жауды ауыздықтауға мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің 6 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.