Оны жоғары оқу орнының дайындық факультеті ұйымдастырып отыр.
"Дайындық факультетінде Қытай, Корея, АҚШ, Түркия сияқты алыс-жақын шет елдердің студенттері мен тыңдаушылары оқиды. Бұл шараның басты мақсаты олардың орыс тілін қаншалықты деңгейде меңгергендерін және өзара татулықтарын көрсету. Дәстүрі мен тілі әртүрлі шет ел студенттері арасындағы осындай мерекелік іс-шаралар олардың арасындағы татулық пен бірліктің ұйтқысы болып отыр. Бұл фестивальде олар қазіргі және ретро әндерді жекелей және топ болып орындайды", дейді университеттің ақпараттық-баспа орталығының қызметкері Әлия Асмағұлова. Бұл шараға АҚШ, Корея, Қытай, Ресей және Түркия Елшіліктерінің және түрлі шетелдік компаниялардың өкілдері қатысады деп жоспарланған.