Алматыда осы сәтке дейін 15 мыңдай сайлаушы дауыс беруге келді

Учаскелерде 6 мыңдай бақылаушы жұмыс істеуде, олардың 150-і шетелдік қоғамдық ұйымдардың өкілдері.

Қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Дәулет Байділдиновтың айтуынша, сайлау комиссиясының жанында ақпарат қызметі жұмыс істеуде. Ол жерден азаматтар сайлау процедурасына қатысты өздерін қызықтырған кез-келген сауалға жауап ала алады. Қазірдің өзінде ақпарат қызметіне 1000-дай телефон қоңырауы келіп түскен. Сайлаушылардың басым бөлігі өздері тіркелген сайлау учаскелері туралы ақпарат алуда.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматыда 5 сайлау округі бойынша 68 үміткер сайлауға түсіп жатыр. Барлығы 444 сайлау учаскесінің 212-сінде электронды дауыс беру жүзеге асырылады.