Алмалы ауданында 14 сағат 11 минутта Гагарин және Шевченко көшелерінің қиылысында "Ауди -100", "Субару" және "КИА" көліктері соқтығысты. Апат салдарынан зардап шеккен үш адам, соның ішінде 3 жасар бала ауруханаға жатқызылды.
Ал Әуезов ауданында 22 сағат 54 минутта Жандосов көшесі мен Алтынсарин даңғылының қиылысында "Митцубиси Галант" және "Субару" көліктері соқтығысты. Апат салдарынан қала ауруханаларына төрт адам жеткізілді, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті